Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының мамандары Тулькубаева Д.А., Төлегенқызы А., Уалханова Н.К. ағымдағы жылғы 20-21 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарой негізгі орта мектебі» КММ, «Ақжайлау негізгі орта мектебі» КММ, «Урунхайка негізгі орта мектебі» КММ, «Қайнарлы негізгі орта мектебі» КММ, «Қарашілік негізгі орта мектебі» КММ, «Тақыр негізгі орта мектебі» КММ психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізу үшін барып қайтты.
Мониторинг барысында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің құжаттамасы, нормативті-құқықтық актілердің орындалуы, ерекше назар аударуды қажет ететін оқушылармен атқарылатын жұмыстары қаралып, ұсыныстар берілді.





