Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Үздік психолог-2025» байқауының облыстық кезеңі

2025 жылдың 3 желтоқсан күні ШҚО білімбасқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығында «Үздік психолог-2025» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Іс-шара кәсіби құзыреттіліктер мен инновациалық тәсілдерді меңгерудің жоғары деңгейін көрсететінталантты, шығармашылықпен жұмыс істейтінпсихологтарды анықтауға, оларға қолдау көрсету жәнеынталандыруға бағытталған.

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының аудан-қала бойынша (Өскемен, Алтай, Шемонаиха, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан, Үлкен-Нарын) 16педагог-психологтары қатысып, өз кәсіби шеберліктерімен бөлісті.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен педагог- психологтар форумда салтанатты түрде марапатталады (күні мен уақыты алдын-ала хабарланады).

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Үздік психолог-2026» республикалық байқауында Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысу құқығына ие болады.