🛡️ Онлайн форматта біз жеке деректерді қорғау, фишинг, қаржы пирамидалары, несие беру, инвестициялар және тағы басқа маңызды тақырыптар бойынша білімімізді тексердік. Диктант 20 сұрақтан тұрды және қаржылық қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталды.
🎓 Қатысушылар алдын ала дайындалу үшін «Білімді арттыр» бөліміндегі оқу материалдарымен танысып, кейін шексіз мүмкіндікпен тест тапсыра алды.
📄 Нәтижесінде әр қатысушы дұрыс жауаптар санына қарай қатысушы немесе жеңімпаздың цифрлық сертификатын алды.
✅ Өз командамыздың қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздікті арттыруға қосқан үлесіне мақтанамыз!
Жаңалықтар





